Азаматтық іс жүргізуді жеңілдету мақсатында
Петропавл қаласының №2 сотында азаматтық іс жүргізуді жеңілдету мәселелері бойынша семинар өтті.Семинарға судьялар, прокуратураның, адвокатураның, коммуналдық қызметтің өкілдері қатысты.
Кездесу шеңберінде, АІЖК азаматтық істерді соттармен қарау кезінде тиімділігін, жеделдігін және әділдігін арттыруға бағытталған, бұл сот әділдігін жүзеге асырудың сапасына, сот билігі тәуелсіздігінің бұдан әрі нығаюына оң әсер ететіндігі және Қазақстан әлемнің анағұрлым дамыған 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік туғызатындығы айтылды.
Петропавл қаласы №2 сотының төрағасы Д.Байзақова қолданыстағы азаматтық іс-жүргізу кодексі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүргізуде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау» атты 13-1-тараумен толықтырылғанын атап өтті. Азаматтық істі қарау сот талқылауының тақырыбын бақылау бойынша судьялардың біркелкі өкілеттіктерін сақтаумен тараптардың жарыспалылық негізінде өткізілетін болады.
Кодекстің жаңа басылымында іс жүргізуге қатысушылардың және судьялардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің объективті балансы қарастырылған. Дауларды соттан тыс реттеу механизмдерін дамыту үшін жеке санаттар бойынша жаңа «Дауларды сотқа дейін реттеу» тарауы енгізілді.
Сондай-ақ, кассациялық сот алқасымен апелляциялық сот алқасына жаңадан қарауға жолдау негіздері ықшамдалған. Мұндай жағдай барлық сот сатыларында мемлекеттік бажды енгізумен сәйкес келеді.
Бітімгершілік рәсімдерін кең қолдану және азаматтық іс жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында жобамен дауды бейбіт реттеуге жәрдемдесу қарастырылған.
Дөңгелек үстел барысында кодекстің тұжырымдамалық жағдайлары және азаматтық іс жүргізу заңнамасының тиімділігін арттыру туралы пікір алмасу өтті.
