Азаматтық алу мәселесі
Ағымдағы жылдың 2- сәірі күні «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында онлайн режимде өткен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Шәкизатұлы Нұрышевтың қоғамдық қабылдауына Өскемен қаласының тұрғыны Манько Андрей қатысып 30 жылға жуық Қазақстанда тұрып жатсада азаматтық алу мәселесі қиындағынын айтып, көмек сұрады.
«1992 жылдары Қазақстанға көшіп келдім, сол уақыттан бері азаматтық алу мәселесі шешімін таппады. Қазақстанның азаматтығын алуым үшін, Украина елінің азаматы емес деген анықтама қажет. Ол анықтаманы алу үшін менің Украинаға баруға жағдайым келмейді. Сондықтанда сыртқы істер министрлігінен осы мәселені шешіп беруге көмек сұраймын»- дейді қала тұрғыны Манько Андрей.
Қабылдау барысында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Шәкизатұлы азаматтың өтінішіне орай өз қолдауын білдіретіндігін жеткізді.
