Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтарды жеке қабылдады

2017 жылғы 28 сәуірде Солтүстіқ Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Тұрар Ысқақов Шал ақын ауданы Сергеевка қ. «Нұр Отан» партиясы филиалында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік Әдеп талаптарын ұстану және басқа мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау кезінде 2 адам көмекке жүгінген болатын. Өтініш берушілер кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті атқарушы органдармен өзара байланыс орнату бойынша сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді.

 
0
0
399

Осы тақырып бойынша

Азаматтарды жеке қабылдады - Yvision.kz