Азаматтарды онлайн және офлайн режимде қабылдау жалғасуда
Науырзым аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партиялық тізім бойынша кандидаттар, партияның сенім білдірілген өкілдері, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар және олардың сенім білдірілген өкілдері азаматтарды онлайн және офлайн режимде қабылдауды жалғастыруда. Қабылдау барысында тұрғын үй мәселелері мен жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамту сынды сұрақтар келіп түсуде. Барлық сұрақтарға кандидаттар мен сенімді өкілдер тарапынан түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.







