Азаматтардың назарына!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабына сәйкес, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынатындығын барша тұрғындардың назарына салады (мүдделер қақтығысы деп – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық танылады).
Егер, Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан мүдделер қақтығысына жол беру фактісіне кезіксеңіз немесе оған куәгер болсаңыз, сондай ақ осы бойынша толық мәлімет алғыңыз келсе, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орғанға келесі байланыс номерлері арқылы хабарласуға болады: 8 (7112) 50-46-38, 50-99-75.
