Азаматтарды көшпелі қабылдау
12.06.2019 жылы жобаның кураторы Г. Оспанқұлов, жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева және жобалық кеңсенің қызметкерлері уәкілетті органдардың (Орал қаласының ТКШ, құрылыс, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Намыс" спорт клубы, ПИК) өкілдерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласының тұрғыны Е. Байгерейдің өтініші бойынша Орал қаласы, Хусайнов көшесі, 157 үй мекен-жайында көшпелі қабылдау өткізді.
Е.Байгерей жобалау кеңсесіне өзінің өтінішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша аулалық спорт алаңын қалпына келтіру (жөндеу) және кейіннен коммуналдық меншік теңгеріміне беру бойынша шаралар қабылдауды сұрады, себебі көрсетілген аулалық спорт алаңы 2011 жылы демеушілердің қаражаты есебінен салынған, содан бері ешбір мекеменің теңгеріміне қабылданбаған және бүгінгі күні иесіз болып табылады, бұл оның нашар жай-күйіне әкелді.
Кездесу қорытындысы бойынша жоба кураторы осыған ұқсас иесіз қалған аулалық спорт алаңдарын анықтау мақсатында уәкілетті органдарға Орал қаласының аумағындағы аулалық спорт алаңдарының жай-күйіне талдау жүргізуді, талдау қорытындысы бойынша "Намыс" спорт клубының теңгеріміне беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
