Азаматтарға паспорт пен жеке куәлік алу тәртібі
«ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінен Паспорт, жеке куәлік қалай алу тәртібі жеңілдетілді. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ХҚКО мына құжаттарды ұсынады:
Құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.
жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж төлеу
паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеу
Төмендегі құжаттардың бірі:
туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);
ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);
iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi).
Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
