Азаматшаға 1 тонна көмірмен көмек көрсетілді.
«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаевқа Покровка ауылының тұрғыны көп балалы ана М.Сметова қаражаттың жоқтығынан үй жылытқанға көмір ала алмай отырғандығын айтып көмек сұрап келді. Мәселе бойынша төрағаның бірінші орынбасары А.Сатибаев пен «Энергетик» БПҰ төрағасы Б.Жұмабаевтың ықпалымен 22.01.2021 ж. азаматшаға 1 тонна көмірмен көмек көрсетілді. Отбасы өз тарапынан алғысын білдірді.

