Қазақ қызы, тыңдашы!
Қазақ қызы, тыңдашы!
Әкең –қазақ, шешең -қазақ, қарағым,
Қу қытайдың қай жеріне қарадың?
Туғаныңды сатып кету-арсыздық,
Туған жерге тиіп тұрып табаның.
Қызың қызыл қызғалдаққа теңеген қазақ халқы, үнемі қыз бала тәрбиесіне айрықша мән берген. Қыр гүліне тән нәзік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған ақын жырауларымыз ән мен жырға қосқан. Алайда, бүгінгі таңда көптеген нәзік жандыларымызға қарап жағаңды ұстайсың. Аруларымыз бұғанасы қатпастан сән қуып, ашық-шашық киініп, қызық қуып, байлық, мансап және жеңіл өмір іздеп шетелдіктердің әсіресе қытайлықтардың етегінен ұстап кетуде.
Ата-бабаларымыздан берілген қазақы құндылықтарымыз қайда кетті? Қазақ қыздарының бұлай сығыр көзділерге кетуіне не түрткі болды? Ұлтаралық неке және оның зияны қандай?
Ежелде қаракөздерімізді қырық үйден тыйып,жат көзділерге көрсетпей, имандылыққа,жауап кершілікке, болашақ шанырағының тірегі, отбасы ұйытқысы, ата-анасының ар-намысы болуға тәрбиелеген. Бұрымдыларымыздың сол кездегі тәрбиесін, әсем көркін сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Ыйықтан төгілген қос бұрымы, қарақаттай мөлдір көздері, сыңғырлаған шашбауының үні, үстіне киген кестелі көйлегі еріксіз өзіне баурап алатын.Әке-шешесі қызына келешек ана, ұлтының қорғаны, аяулы жар болуға үйрететін.

Неге дәл осындай тәрбиеміз бен құндылықтарымыз қазір жоқ?
Қағаздай аппақ параққа тәрбие түсірілген сия. Бала санасына білім алып, мансап қуып, ауқатты болуды айтып отырады. Әрине ол да дұрыс нәзік жандыларымызда көзі ашық, көкірегі ояу болғанын кім де болсын қалайдығой. Бірақ та қыз баласының негізгі парызын қазақ жігітіне тұрмысқа шығу керек екендігін айтуды ұмытып кетіп жатады.
Дұрыс бағдар бермегеннің кесірінен аяулы қарындастарымыз бен сіңілілеріміз оңай жол тандап қытай азаматтарына тұрмысқа шығуда.
Бұны біз ұлтаралық неке дейміз. Кезінде некенің бұл түрін қазақ деген ұлтты жойып жіберу үшін ойлап тапқан айла болатын. Осыны біле тұра біз көп ұлтты отбасымыз деп кеудесін қағатындары да бар. Олар интернационалды шанырақ емес олар келешек ұрпағын ұлт деген атаудан айырғандар.
Жеңіл ойдың жетегінде кеткен қыздарымыз неге ұлт болашағын ойламайды?
Бұл дегеніміз жанұя тарапынан кеткен үлкен қателік. Кішкентайынан ешкімнің ойын, ақылын тыңдамай тек өзіндік әрекетің дұрыс деп санауына жол беруінде. Қытайлықтың жары атанған күннің өзінде оның ұрпағы да қытай ұлты болып саналады. Аңқау қыздарымыз қалталы шетелдіктерге алданып жатыр. Өйткені қазақтың айдай сұлу қыздарың өзіне әйелдікке алып, біздің елге қоныстанып, айналасындағыларға қытай тілің үйретуді мақсат етуде. Бірақ олар ешқашан қазақ азаматшасына үйленгенен кейін қазақ тілің үйренеміз демейді керісінше үйретеміз дейді.
Егер де дәл осылай сұлуларымыз кім көрінгенге еріп кете беретін болса, қазақ деген ұлт, тіл, дәстүр түп тамырымен жойылады!
Айтшы, қалқам, кім санаңды шектеді?
Әпкелерің елін сүйген текті еді.
Сіздер үшін жанын берген Ляззаттар,
«Қытайларға ляззат берсін» деппе еді?

