бақыт - дискретті
шаттық - өтпелі
күн атты жұлдыз
маған өкпелі
жаңбырмен жұптасқан бұлтты аспан
өткенді салады есіме
естеліктерім - бар несібем
айтшы ал, қуанам несіне?
көмескі бейнелер мұңға ұласар
жақындап жатқан дауысқа құлақ сал
уақытқа төзгіш өкініш ол
рұқсат сұрау жоқ, өтініш жоқ
келді әйтеуір
амал нешік
төрге шық
бұл кішкентай бөлмешік -
сенің ендігі мекенің ғой
жанымды мазалау -
бүгінің, ертенің ғой
бірақ мен қаш десе де қашпаймын
қашуда жоқ қисын
жібін үзген қуыршақ
не істей алады дейсің?
жалғассын шерлі шеру
өткен-кеткеннің соңынан еру -
адасқан адам үшін жалғыз амал
артта қалған сәттер - жалғыз қамал
жүрегім салған
түнекке үңілген
жаралы санам үшін
тірліктен түңілген
естеліктер -
өткен шаққа жол ашатын ескі кілттер
бірақ есік іздеп
әуре болма - есің кетер.
естідің бе?
менің қолымнан ештеңе келмейді
не істесем де, мейлі
жарамадым түкке
жарамадым түкке
адам бола алмадым
жақындарым күткен
қайта-қайта пышақ салдым
жаралы үмітке
25, 25
есіңді жиятын кез
аямай аямай
қиялыңның қанатын кес
ұялмай-қысылмай
өмірдің рахатын сез
25, 25
baby, i'm a fucking mess
адам боламын деп жүріп
тақалдым 26-ға
бірақ жолдың шетінде жатқан тас
айналмады алтынға
жалқаумын мен
бәлкім, аздап аңқаумын мен
жүйедегі ақаумын мен
босқа жанған алаумын мен
бәлкім, тәлім алу керек
бәлкім, өзіме ғана беймәлім
бар бір ақиқат
бәлкім, қолдау керек маған
бәлкім, жетпейді өз әлім
(кім білсін)
бәлкім, ортаның кесірі
бәлкім, үкімет кінәлі
(жауап беріндерші)
бәлкім, үрей
(жауап беріндерші)
бәлкім, қорқыныш
(жауап беріндерші)
мені тежейтін
(жауап беріндерші)
бәлкім, өкініш
(жауап беріндерші)
бәлкім, ертең топ жарамын
бәлкім, шекеме оқ саламын
бірақ әзірше
мен әлі де
болашағы жоқ адаммын
өйткені қолымнан ештеңе келмейді
не істесем де, мейлі
қабыл алыңыздар