Қазақ тілінде орыс «К», «Н», «У» дыбыстары бар ма?
Қазақ тілінде орыс «К», «Н», «У» дыбыстары бар ма?
«Ел болам десен бесігінді түзе!» деген ғой дана бабаларымыз! Бұл деген жаңа ұрпақтарымыздың бесіктен басталатын тәрбиесін түзеу деген сөз. Жаңа ұрпақтарымызды тәрбиелеу үшін – оларға барлық дурыс ақпарат, білім, имандылық білім беру үшін – қазақ тілін дамытуымыз керек: қазақ тілі барлық адамзаттың алдыңғықатарлы дурыс имандылық білімдерің, ғылымдарың, ақпараттарың игеруі тиіс. Осыларды игеру үшін дүние жүзіндегі халқымызға пайдалы барлық мақалаларды, шығармаларды, кітаптарды аударып қазақ тіліне әкелуіміз керек. Бұны тек қазақ ұлттық мемлекеті ғана атқаралады. Ешбір жеке адамдар немесе мекемелер оны істей алмайды. Тәуелсіздікті біз осы үшін алдық емес пе? Қазақ мемлекеті тек қазақ тілің ғана дамыта алады. Мемлекеттік тіл деген – мемлекет, бюджетте қажетті ақша бөліп, қаржыландырып, дамытатың және мемлекеттін барлық жерлерінде мемлекеттік мекемелерде қолдануға міндетті тіл. Ұлттық мемлекеттін мағынасы – осы ұлттың тілін мемлекеттік денгейде дамытуыңда: осы мемлекеттегі басқа ұлт өкілдерін кемсітуде емес. Қайта олардың ана тілдерін сақтап қалуына, үйренуіне, қолдануына және, өздерінін ұлттық мемлекеттерімен байланыс орнатып, ұлттық тілдерінін мемлекеттік даму нәтижелерін солардан алуға мүмкіндік беру қажет. (Ал қазір, керісінше, Тәуелсіз(?) Қазақстанда, Ресей империясы мен Кенес Одағындағыдай, қазақ халқының, білімді, ақпараттарды, мамандықтарды алуында (ана тілінде), ұлттық кемсітуі әлі де жалғасып жатыр: оны өзіміз де, басқа ұлт өкілдері де, әбден санаға сініп, үйреншікті болып кеткендіктен, байқамаймыз – осыдан, әлі де Ресей бодандығынаң, құлдық мінез-құлықтан арылалмай, ұлттық сана-сезім қалыптаспай, ұлттық мемлекет денгейіне жете алмай жүрміз – бізде іс жүзінде әлі де мемлекеттік тіл орыс тілі болып жүр.) Сондықтан ұлттың тілін мемлекеттік денгейде дамыту үшін әрбір ұлт өзінін тарихи қалыптаскаң жерінде ұлттық мемлекет немесе басқа ұлттық құрылымды (автономиялық аймақ, аудан тағы баскасы) құруы қажет. Ұлттық мемлекет бір ұлттың ғана ұлттық мемлекеті бола алады. Екі ұлттың ұлттық мемлекеті болмайды – бір ұлт тарихи қалыптаскан жерде басқа бір ұлт, баска жерде ұлт болып қалыптаскаң, осы жерде ұлттық мемлекет құрып, тілін дамытуы тиіс емес және екі тілді бірдей бір мемлекет дамыта алмайды. Сондықтан ұлттық мемлекетте екі мемлекеттік тіл болуы мүмкін емес. Осыдан Қазақстанда тұратың басқа ұлт өкілдерінін тілдері сол ұлттардың ұлттық мемлекеттерінде дамытылуы тиіс. Көп мемлекеттік тілі бар мемлекеттер ұлттық мемлекет емес – ұлттықемес мемелекет. Көбінде олар біртұтас мемлекет емес біріккен мемлекеттік кұрылымдар (конфедерация, федерация). Ұлттықемес мемлекет бір ұлт тарихи қалыптасқан жерде құрылмауы тиіс және оны құраған ұлттардын басқа тарихи қалыптасқан жерлерінде ұлттық мемлекеттері немесе басқа ұлттық құрылымдары болуы қажет. Мысалы: Швейцария конфедерациясын құрайтың ұлттардын ұлттық мемлекеттері бар – Германия, Франция, Италия. Ұлттықемес мемлекеттер ұлттық тілдерді дамытпай, ұлттар тілдерінін даму нәтижесін осы ұлттардын ұлттық мемлекеттерінен алады. Ұлттық та, ұлттықемес те мемлекеттерде біртұтас мемлекеттік ұлт жоқ – оларды біріктіретін біртұтас азаматтық қоғам. Ұлттық мемлекетте бұл түбірлі ұлт және басқа ұлттық диаспоралар құрайды, ал ұлттықемес мемлекеттерде – тек қана ұлттық диаспоралар құрайды. Қазақстанда бұл қазақ халқы және қазақстандық орыстар, украиндер, немістер, корейлер, татарлар, ұйғырлар, өзбектер тағы басқалар: барлығы бірге біртұтас азаматтық қоғамды құрайды – ол – қазақстандықтар.
Қазақ тілін дамыту - өте көп, күрделі, қиын жұмыс. Осы жұмыстың қиындығы қазақ тілінің ережелерінің күрделігінде – оған, қасақана не ессіз, тілде жоқ дыбыстардың артық әріптерін енгізуінен (к,н,у). Тіл мен онын ережелері – ақпаратты, ойды, білімді қабылдауға, беруге (оқуға, жазуға), тасымалдап жеткізуге өте женіл, түсінікті де ыңғайлы болғаны дұрыс. Сонда адамдар қазақ тілінде жазғанда, қай әріпті қай жерде жазуды ойламай, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бұл қазақ тілін үйренуді, жазуды, оқуды женілдетіп дамуына жол ашады. Ал кәзір қазақ тіліне тән емес дыбыстардын әріптері енгізіліп (қалдырылып), тіл ережелері түсініксіз болып ессіз күрделенді де дамуына кедергі болып тур – бұлар алынбаса қазақ тілі, қанша ақша жумсап, қаржыландырсақ та, дамымайды. Сондықтан ел боламыз десек ен алдымен әліппемізді түзеуіміз керек: қазақ тіліне тән емес дыбыстардын әріптерін алып тастап, тіл ережелерін, түсінікті қылып, оқуға, жазуға женілдетіп, тіл дамуына жол ашу қажет.
Қазақ тілі кирилл жазуына аусканда, тілімізге тән делінген дыбыстардын 9 әріптерін (Ә, Ө, Ұ, Ү, І, Ғ, Қ, Ң, Һ) енгізгенде, h латын әріпімен белгіленген дыбыс негізі бір, екі сөзде (қаһарман, гауһар) екі дауысты дыбыстын арасында ерекше оқылатын Х дыбысы – сондықтан һ әріпін Х әріпімен қатар енгізу қажеті жоқ еді. Латын һ әріпі қазақ әліппесінен алынуы керек.
Ал Ә әріпін А әріпімен қатар енгізуі орынды: неге десеніз бұл екі дыбыста қазақ тілінде бар. Оның дәлелі: бір сөзде А әріпін Ә әріпімен ауыстырса басқа сөз шығады. Мысалы: ар - әр ; ал - әл ; аң - ән . Осы секілді Ө мен І әріптері О мен Ы әріптерімен қатар енгізілді. Мысалы: ор - өр; қол – көл ; қор – қөр ; ыс – іс; тыс – тіс; сыз - сіз .
Дауысты жуан дыбысттармен(а,о,ұ,ы) сәйкес Ғ әріпін дауысты жіңішке дыбыстарға( ә, ө, ү, і, е, и) сәйкес Г әріпінін орнына енгізіп, барлық дауысты дыбыстармен бірге жазуға Ғ –ны ғана қалдыруға болар еді бірақ, айтылулары көп ерекше болғандықтан және , ен бастысы, Г дыбысы қазақ тілінде бар болғандықтан Г әріпін қалдырғаны дурыс секілді: ағар – егер(еғер емес); жорға – жерге(жерғе емес); барған – берген(берғен емес).
Ал Қ әріпі К әріпінін орынына енгізілуі керек болатын: орыс К дыбысы қазақ тілінде жоқ. Оның дәлелі: ешбір сөзде Қ әріпін К әріпімен ауыстырса басқа сөз шықпайды және қазір Қ әріпі дауысты жуан дыбыстармен(а,о,ұ, у(жуан),ы), ал К әріпі дауысты жіңішке дыбыстармен( ә, ө, ү, у(жіңішке) і, е, и)бірге жазылып жүр, бірақ керісінше К әріпі дауысты жуан дыбыстармен(а,о,ұ, у(жуан),ы), ал Қ әріпі дауысты жіңішке дыбыстармен( ә, ө, ү, у(жіңішке) і, е, и) бірге жазылмайды (тек қи- мен жазылатың сөздерде, менінше, қый- мен жазылу керек – мысалы: қыйсық, қыйылыс, қыйю, қыйын, қыйар):
Қ К Қ К
қаз кез қисық кигізу
қал кел қиылыс киім-кешек
қаш кеш қию кию
қара кере қиын
қабақ кебек қиар
қазақ кезек қу куә
қайда кейде қуану куәлік
қол көл қуаныш
қыр кір қуу
қуырдақ
қуыршақ
– бірақ, осы сөздерде, К әріпімен жазылатың, Қ дыбысы дауысты жіңішке дыбыстармен ерекше (жіңішке) айтылуы үшін орыс К әріпімен жазылуы тиіс пе? Жоқ! Әлде қазақ тілінде К дыбысы бар болса дауысты жуан дыбыстармен(а,о,ұ, у(жуан),ы) бірге айтылып жазылатын ең болмаса бір сөз бар ма? Жоқ! Қазақ тіліндегі барлық дауыссыз дыбыстардың (б, г, ғ, д, ж, з, қ, л, м, ң, п, р, с, т, х, ш) барлық дауысты дыбыстармен (жуан, жіңішке (а, ә, и, е, о, ө, ұ, ү, ы, і)) бірге айтылып жазылатын қазақ тілінде сөздері болуы тиіс. Орыс К әріпі қазақ әліппесінен алынуы керек. Бұл К (ки) әріпі, Қ (кы) әріпімен қатар, Ахмет Байтурсыновтын төте (араб) жазба әліппесінде де болды: мүмкін осы екі дыбыста араб тілінде болғандықтан, олар қазақ әліппесіне енгізіліп кетті. Содан кейін кирилл жазбасына да ауысты – бірақ та қазақ тілінде, араб тіліндегідей, К (ки) дыбысы жоқ. Әрине түсінікті, әбден санамызға сініп, үйреншікті болып кеткен, 1940-шы жылдан жазылып жүрген К әріпінін орнына Қ әріпін ауыстыру кейбіреулерге аспан жерге түскендей болатын шығар. Бірақ 1917-шы жылдан бастап санамызға салынып сіңдірілген, дәріптелген, әбден үйреншікті болып кеткен «Алла жоқ» (Астапыралла!), «Коммунизм орнатамыз» (барлығы – енбекпен жасалған заттар да – тегін болады) деген ойлардың жалған екенін қазір түсіндік қой. Сол сияқты, қазір (негізінде қәзір деп жазылу керек) қазақ тілінде орыс немесе араб К дыбысы мен әріпі жоқ екенін түсіну керек.
Осы секілді Ң әріпі Н әріпінін орынына және Ұ мен Ү әріптері У әріпінін орынына енгізілуі керек болатын: орыс Н , У дыбысы қазақ тілінде жоқ. Қазір Н мен Ң әріптері қолдаңылып жүрген бірдей сөздерде – барлығыңда Ң дыбысы : бірақта бір сөздін екі мағынасы бар:
Н Ң
ен ең
кен кең
он оң
мен мең
шын шың
тану таңу
тон тоң
сен сең
Сондықтан орыс Н әріпі қазақ әліппесінен алынуы керек.
Қазір Ұ мен Ү әріптерін бір сөзде ауыстырсак екі сөз шығады – сондықтан бұл дыбыстар қазақ тілінде бар. Ал орыс У әріпі қазір У(жуан), У(жіңішке) айтылуында қолдаңылып жүр:
Ұ Ү У(жуан) У(жіңішке)
ұш үш ашу ішу
ұн үн бару беру
ұру үру тасу тесу
ұста үсте тозу төзу
ұстау үстеу алу елу
тұр түр қабу кебу
құй күй болу бөлу
жату жету
у
уақыт уәде
уқалау
уыс
- бірақта У(жуан) – ол Ұ дыбысы; У(жіңішке) – ол Ү дыбысы. Сондықтан орыс У әріпін қазақ әліппесінен алу керек(У(жуан) орынына Ұ әріпін, У(жіңішке) орынына Ү әріпін ауыстырып).
Осылай қазақ әліппесінен К,Н,У,һ әріптерін алып түзегеннен кейн онда 38 әріп қалады. Қазақ әліппесінін кирилл жазбасыңда қазақ тілінде қолдаңылмайтың 11 әріпті( ф, в, ц, ч, щ, ь, ъ, ё, э, ю, я) қалдыруға болады – олардың бөгеті жоқ. Бірақ осы 11 әріптін біреуін – Ъ қатты (жуан) белгісін алып тастауға да болады – бұл қазақ тілі түгіл орыс тіліне де керегі жоқ : онда 37 әріп қалады. Орыс тілін оқығанда кирилл алфавитын да оқимыз. Ал орыс тілін оқуымыз керек – мемлекет азаматтарыңың үлкен бөлігі орыс халқының өкілдері болғандықтан. Қазақ әліппесінін кирилл жазбасы бізге ұрпақтар байлаңысы үзілмеу үшін де керек. Қазақ әліппесінін латын жазбасын да ағылшын тілін оқығанда оқыту керек – бұл жерде осы 11 әріпті алып 27 әріпті қалдыру дурыс сияқты. Осы 27 дыбыстын әріптерін, діни және баска оқу орындарда, араб тілін оқығанда, қазақ әліппесінін араб(төте) жазбасында қолданып, оқыту керек – бұл 20-шы ғасырдын басына дейнгі ата-бабаларымызбен және Қытайдағы, тағы басқа елдерде, төте жазуды қолданатын ағайындарымызбен байланыстырады. Осы үш жазу да бізге керек – оларды балаларымызға оқытуымыз тиіс және оларды еркін қолдануға мүмкіндік берген дурыс: ал онын кайсысы көп қолданылып, мемлекеттік мекемелерге міндеттелетінін, уақыт өте, халықтын тандауы көрсетеді.
Қазақ әліппесін түзеткеннен кейін, бізге әлемдегі ең алдынғықатарлы кәсіби-техникалық, орта-техникалық, жоғары-техникалық мамандықтарға арналған оқулықтарды аударып шығару және олар бойынша оқыту женілдеу болады. Оған мемлекет бюджетте қажетті ақша бөлуге міндетті: лицензия алуға, аударуға және, бастырып шығарып, оқу орындарға беруге. Осыдан кейін кәсіби-техникалық, орта-техникалық, жоғары-техникалық оқу орындарында, мектепті, қазақ тілінде оқып, бітірген азаматтарды, ұлттық кемсітуге жол бермеу үшін, барлық оқытылып жатқан мамандықтарға мемлекеттік тілде де оқытуды, занды түрде, міндеттеу қажет. Осы мамандықтарға оқыту үшін жоғары білікті оқытушылар керек: бұл үшін қазіргі «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқытылатың мамандардын 50-60 пайыздан төмен емес бөлігін, мектепті қазақ тілінде бітірген азаматтар, құрауы тиіс. Бұған қоса қазір орта мектептерде енгізіліп жатқан 12-жылдық оқытудын кемшіліктерін өзімізге пайдалы қылып аударуымыз керек. Ол үшін барлық мектептерде барлық оқушыларды ақырғы 10, 11, 12 сыныптарда кәсіби-техникалық мамандықтарға оқытуымыз қажет. Әр мектеп жергілікті жердін жағдайы мен суранысы бойынша 4-5 мамандыққа оқытуы мүмкін: уакыт өте, сураныстын өзгеруіне байланысты, 1-2 оқытатын мамандықты да өзгертуге болады. Бұған мемлекет, шығарылатың қазақ тіліндегі оқулықтармен қатар, бюджетте мектептер үшін, оқыту құрал-жабдықтар алуға, қосымша қаржы бөлуі тиіс. Бұл жаңадан кәсіби-техникалық оқу орындарды салудан тиімді. Осы кәсіби-техникалық мамандықтар барлық оқушыларға керек – олар барлығы мектеп бітіргеннен кейін жумыс істеу керек қой. Тіпті, сол мамандықтар бойынша емес, әрі қарай орта-кәсіптік, жоғары білім беру орындарда оқыса да, мектепте алған мамандық бойнша, 4-5 жыл оқудан бос уақытта жумыс істеп өзіне керекті ақшаны табуға болады.
Осындай мүмкіндік ашылғанда кейбір қазақ азаматтары балаларын, орыс тілінде оқытпай, орыстандырмай, міндеттеусіз ақ, қазақ тілінде тәрбиелеп оқытады (мектепте, балабақшада). Сондықтан қазіргі мемлекеттік мектептер, балабақшалар, қазақ, орыс және басқа ұлттық мектеп, балабақша деп аталмай, барлығы мемлекеттік тілде оқытуы, тәрбиелеуі міндетті: қазақ тілінде оқытуға, тәрбиелеуге өтініштерді қабылдап, саны толса, қазақ тілінде оқытатын, тәрбиелейтін сынып, топ ашулары тиіс. Ол үшін барлық мемлекеттік мектептерде, балабақшаларда директор немесе онын орынбасары қазақ тілінде оқытудын, тәрбиелеудін маманы болуы қажет.
Осылай қазақ тілінде оқитын азаматтар техникалық мамандықтарды алып, жұмыссыз немесе төмен ақы алатын жұмысшы (тиеуші, жүкші, әртүрліжұмысшы) болмай, жоғарыақылы жұмысты істеуге мүмкіндік алып, әлеуметтік жағдайлары қазіргіден жақсарады – олардың саны, сапасы және табыстары жоғарылағандықтан, мемлекеттік мекемелерде, әртүрлі кәсіпорындарда, әртүрлі (баспа, баспасөз, кино, ән өнерлері, тағы басқалар өнімдерінін) нарықтарда мемлекеттік тілге жоғары қажеттілік пен сураныс туғызады. Осыдан бұлар өнеркәсіп өндірістін барлық салаларында 50 пайыздан асқан жұмысшыларын, қызметкерлерін құраса біз шын мәнінде тәуелсіз ел боламыз.
Тағыда айтуға тиіс нәрсе – бұл, әліппемізді түзегеннен кейін, қазақ тіліне тән емес сөздерді алып, тілімізді түзеу керек. Сөз мағынасы – ұғым. Осы ұғым, түсінуге женіл, ұғымды, ойымызға сөзбен бірге келетін болып, – сөз мағынасы сөздін бетінде (жазбасында) тұруы қажет. Мысалы: самолет, вертолет – ұшақ немесе өзұшақ, тікұшақ немесе айналдырұшақ. Қазақ тіліне ғана емес басқа тілдерге де, қасақана немесе ессіз, енгізілген шет тілдердін сөздері сөз мағынасын, ондағы тұрған ұғымды жауып, жасырып, ғылымисымақ түрде, тілдерді ақылсыз, ессіз қылады. Осы арқылы ғылыми жалған ойларды, ілімдерді қалыптастырады. Мысалы: капитализм, социализм – бұлар байлықтық, қоғамтық(капитал – байлық, социал – қоғам). Осы тілдін сөздерін қолданбай, шет тілдін сөздерін қолданғаннан ессіз, мағынасыз сөз тіркестері құрулуы мүмкін: мысалы, социальдық қоғам (әлеуметтік қоғам) – қоғамдық қоғам: майлы май деген секілді. Бұған қоса тілімізге, қасақана және ессіз, бізді мазақ қылу үшін – бізді қой сияқты қайда айдаса сонда жүреді, немесе біздін қолымыздан қой бағып оларды сауып алудан баска ештене келмейді дегендей, қазір енгізіліп жатқан сөздер: «құлақ түрініздер»( қой немесе ит сияқты ма?), «сауал»( сиыр сауғандай ма?). Тынданыздар, сұрақ деген сөздер турғанда, ата-бабаларымыз малшылықпен айналысты деп өзімізді өзіміз малмен тенестіріп балағаттауға болмайды. Әлде еліміздін, ен болмаса бір, тарихи тұлғасы халқына «құлақ түрініздер» деп айтты ма?
Шала қазақ әліппесі мен шала қазақ тілін біз өзіміз түземесек басқа ешкім бізге оны түзеп бермейді – қайта кейбіреулер, әртүрлі себептен, оған кедергі жасауы да мүмкін.
Сая Қанат Социалұлы, ШҚО-дағы «Халық Рұхы» партиясының ұйымдастырұ қеңесінін мүшесі.
5 желтоқсан 2007 жыл e-mail: [email protected]
