Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторлары.
Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторлары.
Қазақ тілінің үндестік заңын - сингармонизм заңдылығын сақтап эфирде сөйлеген дикторлар - жас ұрпақтың құлағына әсем де әуезді қазақ тілін құя білді. Көгілдір экранның көркін ашқан, сұлулық символына айналған дикторлар күнде кешкісін қазақ шаңырағының төрінде отыратын, диктор оқыған - сөз де дұрыс, ақпарат та шынайы қабылданатын. Сондай ардақты ардагерлеріміздің бірі, тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова.
Қазақ телевизиясының тарихында қалған тағы бір жүргізуші - Ләзиза Аймашева. Ол 1959 жылы көгілдір экран арқылы ақпарат таратқан. Одан кейін эфир көркін ашқандар: Орынбала Оразбаева, Ләскер Сейітов, Мариам Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тюльменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев сынды ардагерлер. Ал, 1980 жылдары қазақ телевизиясына орта буын өкілдері келді.
Баян Балтабайқызы еңбек жолын 1986 жылы Целиноград облыстық телевизиясында бастаған. Республикалық арнаға байқау жарияланған кезде жүзден жүйрік шығып, Орталық телевизияның дикторы атанды. Сол кезде аты дүркіреп тұрған «Время» хабарын жүргізді. Бұдан бөлек, журналист, редактор болып қызмет еткен Баян апай ол кездегі жұмыстың шыжығы мен қызығы қатар жүреді.
