ru
Әртүрлi
Әртүрлi
3 329 жазбалар3 тіркелуші
Әртүрлi
0

«Қазақтелеком» ұсынған «бұлттық» қызметтер бизнесіңізді оңынан жүргізеді!...

… және табысты етеді. Бизнес барысын оңтайландыру үшін заман ағымына ілесуге және жаңа технологияларды  пайдалануға  жағдай жасаймыз.  Бізге Microsoft Hosted Exchange және Microsoft SharePoint сияқты екі жаңа «бұлттық» технология туралы сауалдар жиі жолданады. Осы технологиялармен сіздерді жақын таныстырамыз және сауалдарыңызға жауап береміз!

Microsoft Hosted Exchange – бағдарламалық жасақтаманы таратудың жаңа үлгісі бойынша (SaaS) қызмет көрсететін корпоративтік пошта платформасы. Бұл технология бағдарламалық жасақтаманың жалдау ақысын ғана төлей отырып,  пошта қызметін  пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Microsoft Hosted Exchange сервис-платформасының негізгі қызметтері:

  • Электрондық пошта;
  • Бір пошта жәшігі арқылы барлық байланыстарды басқару және міндеттерді атқару;
  • Пайдаланушылар тобына арналған құжаттар мен міндеттерге қосылу;
  • Пайдаланушылардың жұмыс кестесінің ортақ күнтізбесі;
  • Мәліметтердің бір орталықта сақталуы;
  • Мәліметтердің түрлі құрылғылардың арасында сәйкестендірілуі;

Microsoft Hosted Exchange сервис-платформасының басымдықтары:

  • Ауқымды шешімдер
  • Сенімді және жоғары өнімді пошта инфрақұрылымы
  • Сервиске қосылудың ыңғайлы мүмкіндігі (дүниежүзі бойынша және кез-келген құрылғыдан)
  • Құпия ақпаратты қорғау, корпоративтік және клиенттік мәліметтерге қосылуды шектеу
  • Outlook бағдарламасының эргономикалық интерфейсі арқылы жұмыс істеу
 

Microsoft Hosted Share Point —корпоративті портал құру

 

Microsoft Hosted Share Point-тің негізгі қызметтері:

  • Құжаттарды бір орталықта сақтау;
  • Контентті, бірлескен күнтізбені, байланстарға қолжетімділікті басқарудың ыңғайлы жүйесі;
  • Электронды құжат айналымы;
  • Коммуникацияның ортақ арнасының тиімді жүйесі:
  • Форумдар, блогтар, фотогалерея;
  • Мұрағат – ақпараттық қойма жүйесі.
 

Microsoft Hosted SharePoint-тің артықшылықтары:

  • Қажетті ақпаратқа және жалпы ресурстарға ыңғайлы қолжетімділік:
  • Microsoft өнімдерімен жеңіл кірігу;
  • Пайдаланушылық қолжетімділікке, құқықтарды авторландыру мен функционалға толық бақылау жасау:
  • Форум түріндегі пікірталас алаңшаларының көмегімен бизнес-коммуникацияның тиімділігін арттыру:
  • Виртуалды кездесулер ұйымдастыру және автоматтандырылған жұмыс үрдісін құру мүмкіндігі арқылы іссапарлар шығынын азайту.