"Қазақтелеком" АҚ аудандық филиалының қызметкерлерімен ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Омаров, Т.Тастанов, Е.Майлыбеков, А.Катаев "Қазақтелеком" АҚ аудандық филиалының қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді. Басқосуда "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы онлайн форматта түсіндірілді. Қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, еліміздің бас париясының ұстанымдарын қолдайтындарын жеткізді.
