Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақта "Үлкенге жол бер, өзің де қартаясың" деген жақсы сөз бар.

Қазақта "Үлкенге жол бер, өзің де қартаясың" деген жақсы сөз бар. Шындығында біздің халық ата - бабасынан бері үлкенді сыйлап өткен. Сол үрдіс әлі жалғасып келеді, жалғаса да бермек. Қалалық маслихатқа үміткер Әміржан Нұрланұлымен бірлесе отырып еліміздің үздік барлаушысы, бар өмірі ата, әке жолын қуып, мұнай-газ саласына арнаған, бүгінде зейнеткер мұнайшы – ардагер Болат Қабиұлы Өтебаевпен Экспромт кездесу өтті. 📌Атырау өлкесінің төл перзенті – Б. Өтебаев еңбек жолын мұнай кәсіпшілігінде қарапайым операторлықтан бастап, игі-ғылыми істердің бастамасында жүріп, мемлекеттік қайраткер, білікті басшы, қажырлы ұйымдастырушы болды. Қазақ елінің еңсесін тіктеп, экономикасын дамытуға еңбек сіңірген ардагер ағамыз сұхбаттасу барысында, сайлаудың маңыздылығын айта отыра, өзінің кезінде депутат болып, халықтың жайлы өмір сүруіне, дамуына қатысты мәселелерді белсенділікпен көтергендігін атап өтті. 📌Кездесу қорытындысында Болат Қабиұлы ағамыз мұнай саласындағы толғандыратын мәселелерге болашақта назар аударып, шешімін табуға ықпал етуін сұрап, жылы сұхбат үшін алғыс сезімін білдірді. 🤝Біз де өз кезегімізде ардагер ағамызды 10 қаңтарда өтетін кезекті сайлауға келуін және Nur Otan партиясын қолдауын сұрадық. #nurotanғадауысбер #Atyrau #cайлау #bizbirgemiz #JeńimpazBol

Осы тақырып бойынша

Қазақта "Үлкенге жол бер, өзің де қартаясың" деген жақсы сөз бар. - Yvision.kz