Қазақстанның Танымал Спортшылары
Талдықорған қаласы Кәсіптік Техникалық училищесінде оқыған. Осы жылдар арасында Талдықорған қаласында «Өркен» спорт кешенінде Аман Бұғыбаевтың қол астында еркін күреспен айналысады. 1987-1989 ж.ж. аралығында «СА» Кеңес әскер қатарында борышын атқарған кезінде қол күресінен үлкен жетістіктерге жеткен. 1989-2009 ж.ж. аралығында Талдықорған қаласында қол күрес спортымен айналысуды жалғастырды. ҚР Қол күрес Чемпионатына қатысып бірнеше дүркін чемпионы атанған. 2009 жылдан бері Сарқан ауданының Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс атқарады. Білімі жоғары. 1999 -2021 ж.ж. аралығындағы жетістіктері өте көп. 2019 жылы Қырғыстан мемлекетінде өткен Азия Чемпионатында 1 – орын иегері атанып Азия Чемпионы болды. Осы жылдың қараша айында Румыния мемлекетінде қол күрестен Әлем Чемпионатына қатысты. Бірнеше дүркін Қазақстан Чемпионатының жүлдегері, ( 7 ) жеті рет Қазақстан Чемпионы, (2) екі рет Азия Чемпионы болды. (2) екі рет Әлем Чемпионатына қатысып, (ХДСШ) Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Қазіргі уақытта қол күрестен ардагерлер арасында әлемдік деңгейде жарыстарға қатысуда.# #ЗнаменитыеСпортсменыКазахстана #NurOtan #NurOtanSarkanAudany #30летНезависимости
