Қазақстанның әрбір жетістігіне өзгелер қызыға қарап, бейбітшілік пен тұрақтылықты үлгі тұтуда
Шынын айтқанда бүгінде тәуелсіз Қазақстанның әрбір жетістігіне өзгелер қызыға қарап, бейбітшілік пен тұрақтылықты үлгі тұтуда.Алдыңғы жазбаларымның бірінде жазған едім 101 жастағы ақсақал өткен ғасырдың аяғында қандай едік, қазір қандай ел болдық деп айтты деп, Ғасыр жасаған көкірегі қазына Абдулла абыз ақсақалдың олай деуінде үлкен мағына жатыр.
Егемендік алғалы:
1.Тарихымызда тұңғыш рет халықаралық деңгейде мойындалған шекрамызды шегендедік.
2.Семей полигоны жабылды,Арал апатына тосқауыл қойылды.
3.Этносаралық бірлікпен дінаралық келісімді нығайттық,соғыс пен қантөгістерге жол берілмеді.
4.Нарықтық экономика қалыптасып,бизнестің өркендеуіне жол ашылды.
5.Демографиялық дағдарысты еңсердік
6.Экономиканың жаңа салаларын,замануи көлік және әлеуметтік инфақрылым қалыптастырдық.
7.Ел тәуелсіздігі мен дамуының символы – жаңа астанамызды салдық.
Бұл айтқандарым еліміздің басты жетістіктері ғана, Ал кеше ғана егемендік алған ел үшін бұл өте үлкен жетістік.Бұл жетістік біріншіден Алланың бізге берген сыйы,екіншіден қазақ халқының кең пейілдігінің, тату тәтті, бірлігі жарасқан халықтың арқасында және мемлекетіміздің алдына қойған мақсаттарына жету жолында саралы да сапалы саясатының арқасы.
Ал саясатты жүргізіп отырған Nur Otan партиясы екені баршаңызға белгілі.
Әрине әліде алар асулар көп ол үшін Nur Otan партиясының жан жақты жасақталған бағдарламасыда бар.
Сол бағдарламаны іске асыра отырып заман көшіне ілесіп жаңа ,тың идеялардыда сізбен біз болып яғни партияластар бірігіп атқарамыз деп ойлаймын.
Ол үшін сөзбен емес іспен көрсететін,көрініп тұрған проблеманы атойлап айқайлап емес,ақылмен шешімін таба білетін партияластар көп болуы керек.
Ал ондай партияластар кешегі өткен праймеризде көрінді және үгіт насихат кезеңіндеде белсене ат салысып жүр.Осындай Отан үшін ел үшін,атамекен жер үшін деп жалындап тұрған партияластар бар кезде алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.Сондықтан қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жету үшін Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын!
#NurOtan
#NurOtanДауысБер
#BizBirgemiz
#jenimpazbol
