Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

Кез келген Тәуелсіз мемлекеттің темірқазығы – Ұлттық валютасы. Сол сияқты Қазақстанның теңгесіне де отыз жылдай уақыт болып қалды. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Теңге авторлары суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер мақұлданып, Теңге Ұлыбритания корольдігінде басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Теңге бірінші айналымға түскенде 1 доллар 4,75 теңге болып бекітіліп еді. Арада бірнеше он жылдықтар өткен соң теңге өзін-өзі дәлелдей алды. Түр сыйпаты өзгерсе де, ұлттық құндылығын жоғалтпай келеді.

0
0
156

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. - Yvision.kz