Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы жайлы айтылды. ҮЕҰ өкілдерінің сөзінше, билік пен халық арасындағы алтын көпірді орнатуда қоғамдық қорлардың орны ерекше. Сондықтан, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетілуі керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында да бұл жайлы айтылған.
Кездесуде қатысушылар өздерінің пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.
