Қазақстанның индустриялдық және экономикалық өркендеуі.
Өткенімізді зерделемей , болашаққа нық қадам жасалмайтыны баршамызға аян. Бұл дегеніміз өткен тарихымызды біліп, оны қастерлеу. Олай етпейінше мықты мемлекет, әлуметті қоғам болмайтыны да өмір шындығы. Бұл орайда Қазақстан да өз тарихының жандыда құнды, ұлағатты тұстарын бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, ел тарихының мәртебесін көтеруге бағытталған көптеген кешенді шараларды қолға алып, олардың толыққанды іске асырылуын қамтамасыз етуге барынша сүбелі үлес қосуда.
Солардың бірі- «Қуатты аймақтар- Қуатты Қазақстан» атты өңір аралық интеграциялық форумдар.
Мұны айтып отырған себебім өңір экономикасының даму жедел индустриаландыру арқылы инфрақұрылымдарды іске асыру мен өлшенетіндіктен осы бағыттағы жобалардың жүзеге асыуына әрдайым үлкен маңыз беріліп , жіті назарда ұсталады.
Тілге тиек болу үшін өзіміздің Жетісу өлкесіндегі , Көксу ауданының орталығындағы «Уыз май Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы обылысы бойынша филиалы соңғы жылдары, дәлірек айтсақ, 4-5 жылдың шамасындай уақыттан бері жаңа технологиялар мен құрал- жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы майбұршақтан мал азығы өнімдерін өндіріп келеді. Ал қазіргі кезде оның , осы өзіміз айтып отырған кәсіп орының , екінші кезеңі май шығаратын зауытты да іске қосуды қамтамасыз еткен. Бұл зауыт қосылғаннан бері май шығарудың көлемі ұлғайып, онда істейтін жұмыс қолыда молая түсті. Кәсіпорынға келген шикізат дайындау айлағында жаңа қондырғылар арқылы қоқысынан тазартылып, үгітіліп, бумен жібітіліп, белгілі бір өңдеуден өтеді. Оны қайта жаншып, езіп кептірген соң барып май сығып алу желісіне жөнелтеді. Ол жерде бұдан да гөрі күрделі операциялардан өтіп, мал азығына жарамды қалыпқа жеткенен соң, тағыда екі мәрте тазартудан өткізіліп, жарамсыз иіс қоқыстан арылтады. Бұдан алынатын өнімдер мал азығы үшін пайдаланылады. Шындап келгенде мұндай іскерлік қарым- қатынастар мен өңіраралық байланыстардың мемлекет экономикасының қарқынды дамуына, әлеуметінің арасынды өсуіне тигізетін үлесінің мол екендігін аңғартады.
Тіпті кейбіреулері « алтын шыққан жерді белден қазу» дегендей тура сол жерде- ақ келісім шарттарды жасасып жатты.
Өскеменде өткен осы форум обылыс шаруаларының белсенділігін арттырғандай сынайлы.
Ия айта берсе мұндай мысалдар ондап емес, жүздеп, тіпті мыңдап саналады. Бұған тағы бір қызық мысал; сонау нарық басталған, бұдан 20- шақты игерген шындығында әйелдер болатын. Бұл туралы аталарымыз бен ағаларымыз, жалпы үлкендер әлі күнге дейін, әңгімелеп отырады.
Олардың айтуынша , сондай қиын кезеңдерде Қытайдың дамыған сөмкесін арқалап бизнес әліппесін бастап «кәсібім- нәсібім» дегендей әйел- ерге, ер жерге қараған қиын кезде отбасын асырау тауқыметін бірінші игергенде сол аналарымыз бен әпкелеріміз екен . Содан бері, Құдайға шүкір, ширек ғасырдан уақыт болды. Бар қиыншылықтар артта қалды. Қазақстанымыз әлем таныған , экономикасы дамыған қуатты елге айналды.
Ерлерде естерін жинап ел тіршілігіне жаппай араласып кетті.
Туған елінің түтінінің түзу, ұшуына, экономикасы мен өркениетінің өркендеуіне, байлығының молаюы жөнінде ерлерінен қалыспай , әйелдерде тіршілікке жаппай араласу үстінде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейдігой халық даналығы
Ал бірлік бар жерде тірлікте бар емеспе?
Зере Сарым
