Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі павильонын жылына 5 мың адам тамашалайды

«EXPO Milano 2015» көрмесіндегі Қазақстанның павильоны ең көп тамашаланатындардың арасында, еліміздің құндылықтарымен танысу үшін мұнда жылына 5 адам келеді, деді «EXPO Milano 2015» көрмесінің ҚР секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

"Біздің павильонымыз өте жақсы болды. Ол ашылған алғашқы күннен бастап-ақ көрмеге келушілерді қызықтыра бастады. Көрмені тамашалаған азаматтар бір-біріне қазақстандық павильонның ең осы шарадағы мықтылардың бірі екендігін айтуда. Қазақстандық павильон барлық қонақтарды қызықтыруда, өзге мемлекет өкілдерін таңдай қақтырып отыр. Біздің павильонды орташа алғанда 4 мың 500 – 5 мың адам тамашалайды",-деді А.Мусин.

Оның айтуынша, павильонның қызметін қамтамасыз етумен 150 адам айналысуда.

«Бізде шамамен 150 адам жұмыс істейді. Үш ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз, кейде төрт аусыммен де істейміз. 10-15 адам әкімшілік блок қызметкерлері. Олар тасымал, ұсыну, коммуникация және ұйымдастырушымен байланыс үшін жауапты. 110 адам еріктілер – олар біздің жүрегіміз. Олар экспозициялық аймақтың қызметін жүргізеді. Көрме демалыссыз жүріп жатқандықтан еріктілер үш ауысыммен таңғы 10-нан түнгі 11-ге дейін жұмыс істеуде. Сонымен қатар, бізде Қазақстанның мәдени-көркемдік бағдарламаларымен айналысатын әртістер бар»,-деп қосты ол.

Ақпарат көзі strategy2050.kz

 

0
0
306

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі павильонын жылына 5 мың адам тамашалайды - Yvision.kz