"Қазақстанның Бизнес жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі.
10 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы "Қазақстанның Бизнес жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша депутаттық фракцияның көшпелі отырысын өткізді. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030" Стратегиясы және "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
