Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстанның барлық өңірлерінде Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады

Белсенді ұзақ өмір орталығы ересек адамдар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т. б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі болып табылады. Нәтижесінде егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ үлкен сұранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың соңына қарай қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын ескере отырып әзірленді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/…/centry-aktivnogo-dolgoletiya-otkroyut-…

-----------------------------------------------------------------

Центр активного долголетия представляет собой досуговое учреждение, где люди старшего поколения могут изучать английский язык, пройти курсы компьютерной грамотности, заниматься лечебной физкультурой, танцами и др. В итоге, пожилые казахстанцы активно вовлекаются в общество и у них улучшается психоэмоциональное состояние.

Алматы стал первым регионом в Казахстане, где запустили центр активного долголетия. Его открыли в июне 2018 г. Центр был рассчитан на 75 человек, но, в связи с большим спросом, ежедневно его посещали порядка 350 человек. К концу 2019 года было запущено 7 аналогичных заведений во всех районах города. Программа была разработана с учетом концепции Мадридского международного плана действий по проблемам старения, разработанного Всемирной организацией здравоохранения.

Подробнее: https://www.gov.kz/…/centry-aktivnogo-dolgoletiya-otkroyut-…

0
0
222

Осы тақырып бойынша