«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТҚ-мен арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасымен ынтымақтастық туралы Ашық келісімді жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар Жоспары шеңберінде «Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТҚ-мен кезекті жиналыс өткізілді.
Жиналыстың жұмысына «Қазақстанның азаматтық Альянсы» азаматтық тұлғалар бірлестігіне енетін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоспармен мемлекеттік қызметтерді алу барысында әкімшілік кедергілерінің және сыбайлас жемқорлық қауіптері бар болуына қоғамдық бақылаудың бірқатар іс-шараларын өткізу көзделген.
Жиналыста жоспардың осы тармақтарын іске асыру жолдары анықталып, барлық іс-шараларға Азаматтық альянстың бүкіл қатысушыларын белсенді тарту жөнінде шешім қабылданды.
