Қазақстаннан 670 мың доллар алып шыққысы келгендер анықталды
«Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге қатысты 40 жағдай анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, шетел валютасын әкетуге тыйым салынған соң кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 мың доллар қолма-қол ақшаны әкетуге қатысты 21 жағдай анықталған.
Барлық дерек Нұр-Сұлтан мен Алматының халықаралық әуежайларындағы кеден бекеттерінде тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске салайық, наурыздың ортасында Мемлекет басшысы «Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
