Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы неге нидерландтықтардың деңгейіндей емес

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан экономикасының дағдарысқа ұшырауына себеп болып, бүгінгі күнге дейін шешуі табылмай отырған жүйелі мәселелердің бірі, үлкен кен орындарына иелік жасап отырған «инвесторлардың» жұмыс нәтижесі. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвесторлар, өздері қаражат құйып отырған елдердің экономикасын көтеруге бағытталған негізгі күш болып есептеледі. Ал, Қазақстанда керісінше, нвесторлардың негізгі мақсаты, шығын шығармай, байлықты сыртқа тасуға бағытталған. Қазақстанның жиырма тоғыз жыл тәуелсіздіктен кейін экономикасының тұралап тұрғаны, соның айғағы. Сонымен бірге, «инвесторлар» өздері басқарып отырған кәсіпорындардың жағдайын жақсартатын жаңа технологиялар, өндіріс құралдарын жаңарту сияқты өзгерістер кіргізбей-ақ, ешқандай жауапкершіліксіз, мемлекет тарапынан инвесторларға арналған жеңілдіктерді тұрақты қолдануда. Ірі өндірістерде осы уақытқа дейін жұмысшылыр қазасына соқтырып келе жатқан апаттар, соның салдары.

Оның үстіне, сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың құқы өз елінде аяққа тапталып, еңбек ақыларын дұрыс ала алмай жүр. Бұл ақылға симайтын жағдай!

Ал, шетелдік «инвесторлардың» иелгігіндегі ірі кәсіпорындардың, қазақстандық орта және кіші кәсіпкерлікті шеттетуге және оларды дағдарысқа ұшыратуға бағытталған іс-әрекеттері, нағыз шектен шыққандық және Қазақстанның мемлекеттігіне қарсы қылмыс. Бұл жылы жауып қоя салатын мәселе емес!

Экономикаға орасан зор зиян тигізіп отырған, инвесторлардың шектен шыққан ең сорақы істері – ол, Қазақстанда шығарылған өнімнен түсетін пайда мөлшерін жасыру арқылы салықтан жалтару. Дүниежүзілік тәжрибеде, мемлекеттің экономикасына зиян тигізетін бұндай іс-әрекеттер қатаң жазаланады және орасан зор мөлшерде айыппұл салынады.

Өкінішке орай, бұл жағдайлар бүгін ғана қалыптасқан жоқ. Ол, отыз жылдан бері шешуі табылмай отырған жүйелі қиыншылық. Бірақ, шешуі билік қолында. Оның бастысы, инвестицияға қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгерістер кіргізу. Яғни, инвесторларды экономикалық жолмен өздерінің шартта көрсетілген міндеттерін сапалы орындап, Қазақстанның экономикасын дамытуға мүдде туғызатын және жауапкершіліктерін күшейтетін заң талаптарын кіргізу.

Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты, Қазақстанның байлығын халық игілігіне қолдану мақсатында,

талап етеміз:

1.Инвесторлармен жасалынған келісім-шарттарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды.

2.Қазақстан Республикасында инвестицияларды реттейтін заңдарға, инвесторларды экономикалық жолмен өздерінің шартта көрсетілген міндеттерін сапалы орындап, ел экономикасын дамытуға мүдде туғызатын заң талаптарын кіргізуді.

3.Қазақстан Республикасының инвестицияларды реттейтін заңдарына және еңбек кодексіне, шетелдік инвесторлардың иелгігіндегі кәсіпорындарда, шет елдік және қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың еңбек ақыларының тең бағалануын қамтамассыз ететін баптар кіргізуді.

4.Қазақстан Республикасының инвестицияларды реттейтін заңдарына және еңбек кодексіне, инвесторларға өнім сатудан түскен таза пайданың бір бөлігін еңбек ақы қорына бөлу туралы бап кіргізуді.

5.Қазақстан Республикасының инвестицияларды реттейтін заңдарына, инвесторларға жобадан тыс түскен пайданы мемлекетпен бөлісу туралы бап кіргізуді.

6.Әкімшілік және қылмыстық кодекстерге, инвесторлардың іс-әрекеттері қазақстандық кәсіпкерлікті дағдарысқа ұшыратуға бағытталған жағдайда, олардың жауапкершілігін қарастыратын баптар кіргізуді.

7.Инвесторлардың іс-әрекеттері қазақстандық кәсіпкерлікті дағдарысқа ұшыратуға бағытталған деректер бойынша әкімшілік және қылмыстық істер қозғау туралы мемлекеттік өкілетті мекемелерге тапсыруды.

8.Инвесторлардың салықтан жалтару мақсатында кіріс мөлшерін жасыру деректері бойынша өкілетті мемлекеттік мекемелерге заңды шара қолдану туралы тапсырма беруді.

9.«Азаматтық қоғам орталығы» Қоғамдық бірлестігіне, инвестициялардың сапасын анықтау мақсатында мониторинг жүргізуге тапсырыс беруді.

10.Экономикаға қасақана зиян тигізген инвесторлармен шартты бұзып, олардың есеп-шоттарын тәркілеуді.

11.Инвесторлармен жаңа шарттарды, қоғамдық сараптамадан өткеннен кейін бекітуді

Құрметпен,

«Азаматтық қоғам орталығы»

Қоғамдық бірлестігінің басшысы

Ж. Абильдинов

Нұр-Сұлтан қаласы

09.01.2020 ж.

0
0
786

Осы тақырып бойынша

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы неге нидерландтықтардың деңгейіндей емес - Yvision.kz