Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем...

2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (қызды) асырап алу бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 65,1 млрд теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша – 74,2 млрд теңгені, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 11,4 млрд теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 7,8 млрд теңгені, жұмысынан айырылу бойынша – 3,6 млрд теңгені құрады.

Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 424 063 теңгені құрады, мұндай төлемді 164 мың қазақстандық алды.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 30 925 теңгені құрады, оны 395 мың азамат алды.

54,7 мың адам жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 631 теңгені құрайды.

46,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 628 теңгені құрады.

Тағы 85,3 мың азамат еңбекке қабілетінен айрылуы жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 14 860 теңгені құрады.

Қазақстанда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. МӘСҚ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын алушыларға: мүгедектігі бар адамдарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, жұмысынан айрылған азаматтарға, жүктілігіне және жүкті әйелдердің босануына байланысты, бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты отырған аналарға төлемдер төлеуді қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтынын еске саламыз.

----------------------------------------------------------------

За 10 месяцев 2019 года из Государственного фонда социального страхования (далее - ГФСС) гражданам, являющимся участниками системы соцстрахования, произведены выплаты на общую сумму 162,1 млрд тенге.

Расходы на социальные выплаты по беременности и родам, усыновлению (удочерению) новорожденного ребенка (детей) составили 65,1 млрд тенге, по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года – 74,2 млрд тенге, утрате трудоспособности – 11,4 млрд тенге, потере кормильца – 7,8 млрд тенге, потере работы – 3,6 млрд тенге.

Средний размер выплат из ГФСС по беременности и родам, в связи с усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) составил 424 063 тенге, такую выплату получили 164 тыс. казахстанцев.

Размер соцвыплаты по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года составил 30 925 тенге, ее получили 395 тыс. граждан.

Соцвыплату на случай потери работы получили 54,7 тыс. человек, ее средний размер – 22 631 тенге.

Более 46,6 тыс. казахстанцев были обеспечены выплатами на случай потери кормильца, средний размер которых составил 17 628 тенге.

Еще 85,3 тыс. граждан получили социальную выплату на случай утраты трудоспособности. Средний размер выплаты составил 14 860 тенге.

Напомним, обязательное социальное страхование в Казахстане внедрено как дополнительная форма социальной защиты работающего населения. ГФСС осуществляет социально значимые функции, обеспечивая выплаты получателям-участникам системы обязательного социального страхования:  инвалидам, семьям, потерявшим кормильца,   гражданам потерявшим работу, беременным женщинам в связи с беременностью и родами и  матерям, осуществляющим уход за ребенком по достижении им возраста одного года.

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем... - Yvision.kz