Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Қазақстандағы киберспорт: 2022 жылға арналған жоспарлар

Алдағы жылға арналған ең басты жоспар жайлы. Киберспорт - Қазақстанда бірнеше жылдың ішінде төменгы дәрежеден дүниежүзілік деңгейге жетті. Республикалық командалар жарыстарда eSports индустриясы үшін бастамашы болумен қатар, жүз мыңдаған доллар табыс табумен алдыңғы орындарды иеленіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзі бойынша CS: GO PUBG және Dota2 секілді дербес салаларда 21-ші орынды иеленіп отыр және бұл көрсеткішке бар-жоғы үш жылдың ішінде қол жеткізді.

2018 жылдың 25 шілдесінен бастап киберспорт Қазақстан Республикасында ресми түрде спорт түрі болып танылды.

Былтыр қыркүйек айында ҚР киберспорт Федерациясы мыңдаған жастарға жол ашқан жаңа жоба жасады. eSports Hub киберспорт Академиясы QCF киберспорт федерациясының қолдауымен жаңа спорт түріне бар өмірін арнауға дайын студенттерді қабылдауда. Академияның үздік көрсеткіштері атқарылып жатқан жұмыстарының дәлелі екендігін көрсетуде

Өткен жолғы халықаралық турнирде Украинада eSports Hub Академиясының жаңа жетілдірілген студенттері жүлделі орынды иеленді. Бұл жайлы eCamersWorld порталында жарияланды.

Әрине, біздің спортшылардың халықаралық аренадағы жеңісі киберспорт федерациясының сіңірген еңбегі екендігін де айта кеткен жөн. Дегенмен, мұндай жетістіктерге аз мерзім ішінде қол жеткізу - тынымсыз еңбектің, бірігудің және үздіксіз жаттығулардың арқасында болды.

Қазіргі уақытта біздің киберспорт федерациясында 7900 команда тіркелді және 141 жарыс өткізілді.

Ары қарай қалай болады?

Федерацияның 2022 жылға арналған жоспарларында PUBG, CS:GO және Dota2 негізгі дербес салалары бойынща бірнеше халықаралық турнирлерді ғана өткізіп қоймай Академияны ары қарай белсенді түрде дамыту да бар.Осы жылы:

- бірнеше жаңа оқыту кибер-курстарын енгізу;

- оқыту әдістемесін жақсарту;

- ТМД елдерінен тәлімгерлерді жиынтығын жаңарту және оффлайн оқыту орталығын ашу жоспарлануда.

АЛ СЕН ОЙЫНШЫ НЕМЕСЕ КӨРЕРМЕНСІҢ БЕ?

Киберспорт жайлы ең соңғы жаңалықтарды білгін келсе, біздің парақшамызға жазыл!

0
0
246

Осы тақырып бойынша