Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды
Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады. Квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700 бірлік) салыстырғанда 40% – ға, оның ішінде 3 санат бойынша (мамандар) – 37%-ға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23%-ға қысқартылды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр. Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандырады. _______________________________________________ Предельно допустимое количество иностранной рабочей силы, разрешенное к привлечению работодателями для осуществления трудовой деятельности в Казахстане на 2020 год составило 29 292 единиц или 0,32% по отношению к численности рабочей силы в республике. Квота была сокращена на 40% по сравнению с количеством, утвержденным 2019 году (48 700 единиц), в т.ч. по 3 категории (специалисты) – на 37% и 4 категории (квалифицированные рабочие) – на 23%. Актюбинская, Западно-Казахстанская, Кызылординская и Северо-Казахстанская области полностью отказались от привлечения иностранных работников по 4 категории и планируют покрыть потребности работодателей за счет местных специалистов. Принятие квоты позволит защитить внутренний рынок труда от неквалифицированной иностранной рабочей силы, трудоустроить больше казахстанских кадров, а также удовлетворит спрос работодателей на квалифицированную иностранную рабочую силу.
