Қазақстанда Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамассыз ету.
Қазақстанда Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бекітілуіне орай, бүгін "Jas Otan" партиясының Қаратал аудандық филиалының жоспарына сәйкес, "Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен" онлайн-конференция өткізілді. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы кедергілер мен тосқауылдардың алдын алу және өз құқықтарын қорғау мәселелерін басты назарға алу.
