Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың фактілері анықталды

2019 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың екі фактісі анықталды. Бұл ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) өткен балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

Іс-шараға барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Забота» дағдарыс орталығы мекемесінің, «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Үкімет Халықаралық еңбек ұйымының № 138 «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы», № 182 «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» ратификацияланған конвенцияларын ескере отырып, балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу және жою мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Сарбасовтың айтуынша, дүние жүзі бойынша 5 пен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істейді. Олардың ішінде 152 миллионы балалар еңбегінің құрбаны, олардың жартысына жуығы - 73 миллионы балалар үшін қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істейді.

Балалардың көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысады (98 млн. немесе 59%), бірақ бұл проблема қызмет көрсету саласында (54 млн.) және өнеркәсіпте (12 млн.), негізінен, бейресми экономикада кездеседі.

«Қазақстанда уәкілетті мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың жұмысына қатысты заң талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. 2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында 10 фактіні анықтады, ал ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың 2 фактісі анықталды, олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Сарбасов.

Ол сондай-ақ, кәмелетке толмағандар негізінен еңбек қызметін жазғы уақытта шағын бизнес субъектілерінде, базарларда, сауда орындарында, автожуу және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде (мейрамханалар, дәмханалар) және т.б. жүзеге асыратынын атап өтті. Аса маңызды бұзушылық еңбек шартарының болмауында.

ҚР Еңбек министрлігі балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу және жою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда және жұмыс берушілерді еңбек заңнамасын сақтауға және тыйым салынған балалар еңбегін қолдануға жол бермеуге шақырады.

---------------------------------------------------------------

С начала 2019 года в Казахстане выявлено два факта незаконного привлечения несовершеннолетних к труду. Эта информация была озвучена на заседании Координационного совета по борьбе с наихудшими формами детского труда, прошедшим в Министерстве труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН РК).

В мероприятии приняли участие представители всех центральных и местных исполнительных государственных органов, Конфедерации работодателей (предпринимателей) РК, Федерации профсоюзов РК, Учреждения Кризисного центра «Забота», ТОО «Филипп Моррис Казахстан», Национального центра по правам человека, Общественного фонда «Центр социально-психологической реабилитации и адаптации для женщин и детей «Родник».

Открывая работу заседания вице-министр ТСЗН РК Акмади Сарбасов отметил, что Правительством уделяется особое внимание вопросам профилактики и искоренения наихудших форм детского труда с учетом ратифицированных конвенций Международной организации труда № 138 «О минимальном возрасте для приема на работу», № 182 «О запрещении и немедленных мерах по искоренению наихудших форм детского труда».  

 По словам Сарбасова, во всем мире 218 млн детей в возрасте от 5 до 17 лет трудоустроены. Среди них 152 млн являются жертвами детского труда, почти половина из них – 73 млн работают в опасных для детей условиях труда.

Больше всего детей заняты в сельском хозяйстве (98 млн или 59%), но эта проблема также заметно проявляется в сфере услуг (54 млн) и промышленности (12 млн), главным образом, в неформальной экономике.

«В Казахстане уполномоченными государственными органами осуществляется контроль за соблюдением законодательных требований к труду несовершеннолетних. В 2018 году государственными инспекторами труда в ходе проверок выявлено 10 фактов, а в текущем году 2 факта незаконного привлечения несовершеннолетних к труду, по которым работодатели привлечены к административной ответственности», – проинформировал Сарбасов.

Он также отметил, что в основном трудовую деятельность несовершеннолетние осуществляют у субъектов малого бизнеса в летнее время, в местах торговли на рынках, на автомойках и станциях ремонта автотранспортных средств, в пунктах общественного питания (рестораны, кафе) и т.д. Наиболее характерным нарушением является отсутствие трудовых договоров.

Минтруда РК продолжит активную работу по профилактике и искоренению наихудших форм детского труда и призывает работодателей соблюдать трудовое законодательство и не допускать применение запрещенного детского труда.

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың фактілері анықталды - Yvision.kz