Қазақстанда бала дәрігерлерінің съезі басталды
Пандемия тұсында түрлі созылмалы және тұқым қуалайтын дертпен ауыратын балаларға медициналық көмектің қолжетімділігі, денсаулық сақтау саласында үздіксіз енгізіліп жатқан жаңа диагностикалық . терапевтік медициналық технологиялардың дамуы басты тақырыпқа айналды.

-Психикалық аурулардың алдын-алу , емдеу және науқастар дертінен айыққаннан кейін оларды қоғамға бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласының өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғаушылар, журналистер жұмыла жұмыс істегенде емдеудің нәтижесін көреміз , -дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығының бас директоры Николай Негай бүгін басталған педиатрлардың басқосуында.

Сонымен бірге еліміздің бас психатры балалар психикалық денсаулығының бұзылуының алдын-алу саласындағы заманауи тәсілдерді бөлісіп, мінез-құлық ауытқуларының пайда болуының био-психо-әлеуметтік моделінің алдын-алуға неігзделген бағыттарын іздеу қажеттігін алға тартты. Жиында Николай Негай психикалық сырқатқа тәуекел топтардың ауруының алдын –алу, ертерек анықтау және емдеу, сауықтырудың бағыттарында қолданылатын құралдар мен бағдарламаларды да атап өтті. Олар : HAT, Live және Life, mhGAP.

Үш күнге созылатын жиында бала дәрігерлері педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен перспектикалары туралы баяндамалар оқиды.
