Қазақстан және Өзбекстан бас прокурорларының кездесуі туралы баспасөз ақпараты
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ташкент қаласына іс-сапары аясында Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Рашитжон Кадыровпен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде терроризммен, экстремизммен, киберқылмыстармен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстармен күрес, заңсыз жолмен алынған табыстарды анықтау, тәркілеу және қайтару саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.
