Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан туралы! Шери, Малайзия.

Армысың, бармысың құрметті оқырман! Айтқанымдай бүгін мини-жобамның бірінші күні. Малайзияда болғандықтан осы ел өкілінен және де міндетті түрде малай кісіден интервью алғанды жөн көрдім. Малайзия халқы малай, қытай және үнді этностарынан құралған. Малайлар тек мұсылман болғандықтан ғана емес жалпы өзіме өзге екі ұлттан қарағанда көбірек ұнайды. Кейде қоғамдық көлікке ақшасыз кірсең немесе майда ақшыңның жоқ екенін байқаса ойланбастан жол ақысын төлеп береді. Әсіресе әйел кісілер)) Бәлкім мұсылман болғандықтан дәл осындай шығар.Шеридің айтуы бойынша Қазақ халқы өте қонақжай және керемет. Осыған дейін қазақтармен араласып, тіпті сөйлесіп көрмеген Шери бір күні Қазақстанға барамын дейді. Сәті түсіп Шериді қазақ достарыммен таныстырдым. Малайзия әйелдерінің бір ерекшелігі - барлығына үлгереді. Баланы да бағады, бизнесті де қатырады. Жұмыс бабымен кездесу керек болған жағдайда Шериге қолым тимейді деп айтуға ұяламын.

0
0
1188

Осы тақырып бойынша

Қазақстан туралы! Шери, Малайзия. - Yvision.kz