Қазақстан туралы. Баян. Иордания/Палестина.
Ассалаумағалейкум, бүгін Қазақстан туралы Баян есімді Иорданиялық қыздың ойын білетін боламыз. Ең алдымен Иордания жайлы қысқаша ақпарат:
-Сирия, Ирақ, Саудия, Израиль және Палестинамен шектеседі.
-Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1946 жылы алған
-Жерінің 90% шөл және шөлейтті аймақтар
-Конституциялық Монархия
-Жер көлемі әлемде 112-ші
Айта берсек ақпарат көп.

Баяндай сұлу Баян қыз Қазақстан туралы біраз ақпарат біледі екен. Оның бір себебі Қазақтар қаптаған Lim Kok Wing Университетінде оқығандықтан болар. Баянның әкесі Палистиндық және шешесі Иорданиялық. Малайзияға келмес бұрын қазақтарды кездестіріп көрмеген. Қазақтар өте жылы шырайлы және достыққа өте берік келеді дейді. Айтуынша Қазақстанда еркіндік және бейбітшілік бар. Бәлкім бұны кейбіреуіміз бағаламайтын шығармыз.
Сондай-ақ Баян Өзбекістан және Тәжікстан мемлекеттері жайлы сөз қозғады. Неге барлық мемлекеттердің соңында "стан" сөзі бар деп таң қалады. Тек Баян емес өзге шетелдіктердің барлығы да.
Қазақ студенттерімен соншалықты дос болған Баян тіпті "рақмет" деген сөзді өзінше "рахметик" деп айтатын көрінеді. Тобында оқитын модель қазақ қыздары үйреткен болар.
Баян да бір күні Қазақстанды көргім келеді деп сұхбатын аяқтады.
