Қазақстан тәуелсіздік дәуірінде
Іс-шара «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен инстаграм, фейсбук желілерінің тікелей эфирінде өтті.
«Біз ата бабамыз аманат еткен Алтай мен қарт Каспий жағасы, Сыр ертіс арасын алып жатқан дархан даланың заңды мұрагеріміз. Алайда атадан мирас болған кең даланы сақтап қалу бізге оңай тиген жоқ. Баһадүр халқымыз небір жаугершілік замандарды, еркіндік үшін қылыш сермеген, бодан болған қиын кезеңдерді бастан өткерді. Бір сөзбен айтқанда мың өліп, мың тірілген этностың бірі – қазақ халқы!», – деп баяндамасының кіріспесіне көшті ректор.
Сондай-ақ, жиын барысында профессор келе жатқан ең басты мейрам қазақ елінің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жұрт аман, ел тыныш болсын деген ізгі тілегін білдірді. Кездесу соңында тікелей эфир көрермендері Д.Қожамжароваға тақырып аясында сұрақтары мен ойларын бөлісіп, ел тарихын тереңнен таразылаған бүгінгі баяндамаға алғыстарын айтты.
