Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні
Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні. Осыдан тура 27 жыл бұрын төл теңгеміз айналымға еніп, ұлттық валютаның тарихы басталған еді.
Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді.
Ескі үлгідегі ақшаларды Қазақстанның жаңа теңгесіне айырбастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.
Баршаңызды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!!!

