Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті барша қазақ елі!Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды

Ұлттық мерекемізбен құттықтағымыз келеді.

Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Құрметпен

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық филиалы ұжымы.

0
0
120

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - Yvision.kz