Қазақстан шетелдегі этникалық қазақтарды қолдайтын болады
Қазақстан шетелдегі этникалық қазақтарды қолдайтын болады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ этникалық қазақтарды, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық және әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қол қойды.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев шетелде тұратын этникалық қазақтарға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның арқасында осы жылдар ішінде біздің еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан миллионнан астам отандасымыз Қазақстанға оралды. Өз кезегінде, мемлекет оларға қолайлы жағдай жасайды,оның ішінде жұмысқа орналастыру, оқыту және материалдық қолдаулар бар. Шетелде тарихи отанына оралғысы келетін көптеген отандастар тұрады. Сондықтан да біз қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған нақты шараларды бірлесіп әзірлеуіміз қажет»,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
«Қазақтардың 5-ші Дүниежүзілік құрылтайында Ұлт Көшбасшысы шетелде отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету бағыттарын айқындады. Олардың қатарында этникалық қазақтарды шетелде жан-жақты қолдау, Қазақстанға келгендерге қолдау көрсету, қазақ диаспорасы бойынша біздің жұмысымызды заңнамалық тұрғыдан сүйемелдеу. Қысқа мерзімде қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы Заң тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Мемлекеттік бағдарлама мен Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын әзірлеу жалғасуда», - деді Нұртай Әбіқаев.
Меморандум қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға жәрдемдесуді, оларды ана тіліне оқыту үшін жағдай жасауды, шетелдегі қазақ мәдени орталықтары мен бірлестіктерінің қызметін кеңейтуді көздейді.
Сондай-ақ меморандум аясында тараптар елге келген этникалық репатрианттар үшін қолайлы жағдай жасау, қазақ диаспорасы туралы заңнамалық акт әзірлеу және отандастарға қолайлы жағдай жасау және бейімдеу үшін арнайы бағдарламалар қабылдау туралы уағдаласты.
Меморандумды тиімді жүзеге асыру мақсатында 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды.
Казахстан будет поддерживать этнических казахов за рубежом
Министерство труда и социальной защиты населения РК, НАО «Фонд Отандастар» и РОО «Всемирная ассоциация казахов» заключили меморандум о взаимном сотрудничестве и укреплении партнерских отношений в целях обеспечения поддержки этнических казахов, а также соотечественников, проживающих за рубежом.
Документ подписали министр труда и соцзащиты населения Бердибек Сапарбаев, президент «Фонда Отандастар» Нуртай Абыкаев и заместитель председателя Всемирной ассоциации казахов Заутбек Турисбеков.
«С первых дней Независимости Первый Президент – Елбасы Н.А.Назарбаев уделяет особое внимание этническим казахам, проживающим за рубежом. Благодаря этому за эти годы в Казахстан вернулись более миллиона соотечественников, которые сегодня вносят свой достойный вклад в развитие нашей страны. В свою очередь, государством создаются для них благоприятные условия, в том числе по трудоустройству, обучению и материальной поддержке. За рубежом проживает еще немало соотечественников, желающих вернуться на историческую родину. Поэтому нам совместно предстоит разработать конкретные меры, направленные на максимальное удовлетворение социально-экономических, культурных и образовательных потребностей казахской диаспоры», - отметил Бердибек Сапарбаев.
«На 5-м Всемирном Курултае казахов Лидер нации определил направления государственной поддержки соотечественников за рубежом. В их числе всесторонняя поддержка этнических казахов за рубежом, содействие прибывшим в Казахстан, законодательное сопровождение нашей работы по казахской диаспоре. В сжатые сроки был разработан проект Концепции Закона о государственной поддержке казахской диаспоры. Продолжается разработка государственной программы и проекта закона о государственной поддержке казахской диаспоры», - подчеркнул Нуртай Абыкаев
Меморандум предполагает содействие в развитии культурно-гуманитарных связей с казахской диаспорой, создание условий для их обучения родному языку, расширение деятельности казахских культурных центров и объединений за рубежом.
Также в рамках меморандума стороны договорились о создании более благоприятных условий для прибывших в страну этнических репатриантов, разработке законодательного акта о казахской диаспоре и принятия специальных программ для создания благоприятных условий и адаптации соотечественников.
В целях эффективной реализации меморандума также подписан совместный план мероприятий на 2019 год.
