Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқар төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын құттықтады

Бүгін Астанада «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай келе, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып берді.


«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс жарияланады»,-делінген Алғыс хатта.

«Бұл Алғыс хатта әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз бар. Бүгінде біздің шығармашылық ұжым министрліктерден, мемлекеттік және бизнес құрылымдардан құттықтаулар алып жатыр. Бұл – көрермендеріміз бен радиотыңдармандарымыздың біздің жұмысымызға деген үлкен ықыласы»,-деді құттықтау сөзінде Басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, Нұржан Мұхамеджанова корпорация қызметкерлеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері мен Алғыс хаттар табыстады.

28 маусым, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2011 жылдың 20 қазанында жарық көрген болатын. 28 маусым күні бірінші қазақстандық Қазақ КСР-ның «Баспасөз және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жарияланған-ды.

Оған дейін медиа қызметкерлері кәсіби мейрамдарын ең алғашқы қазақ тіліндегі «Түркістан уәлаяты газеті» жарыққа шыққан 10 мамырда тойланып келген болатын. Кейінірек баспасөз, радио және телевизия күні байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып атауын өзгертті.

0
0
394

Осы тақырып бойынша