Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Респулибкасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар ауданымызға келді.

Қазақстан Респулибкасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар ауданымызға келді.

Ең алдымен Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінде болды. Әлеуметтік нысандарды аралап, күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған Мирманов мектебіне соғып шықты. Канвассинг, «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсығұл Қайырғалиевтің шаңырағына сәлем беріп кіріп шықты. Ардагеріміз ауылдың халқына ортақ қос мәселесі ауыз су мен кірме жолды айтып, соны атқарушы билікке жеткізуін сұрады.

Жаңақала ауылдық округінің тұрғындарыменде кездесулер өткізіп, Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындаудағы Жол картасының объектілерімен танысу мақсатында Жаңақала ауылының Астана көшесіндегі тротуарларды салу жұмыстарымен, қос пәтерлі 20 үйдің жұмыс барысымен танысып жұмыс сапасына мән беруді баса назарға алу керектігін ескертті. Аудандық мәслихат депутаты Э.Текебаев арнайы жолығып аудандық фермерлердің жағдайын айтып қазіргі жағдайда қуаншылық жарияланып қазір суда, шөпте жоқтығын айтып үкімет тарапынан берілетін субсидияны шешіп беруді сұрады.

1
0
305

Осы тақырып бойынша