Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай #Birinshi онлайн- челленджі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - біз бірінші желтоқсанда атап өтетін мемлекеттік мереке. 1991 жылы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы ұлттық сайлауда сайланды.
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілейміз.
