Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты
Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Бас Прокурор Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы жолындағы баға жетпес еңбегіне тоқтала отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихы, еліміздің жетістіктері мен табыстары оның атымен тығыз байланысты екендігін атап көрсетті.

