Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне орай.
«Nur Otan» партиясы Ақтоғай аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне арналған салтанатты түрде партияға қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Ақтоғай аудандық филиалының бірінші орынбасары барлық қатысушыларды алдағы Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, оларға партия билеттерін табыс етті.
Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді қолдауға көп көңіл бөлді. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент күнін барша қазақстандықтардың бірлігі мен толеранттылығы күні деп те атауға болады.
ПОСТ С ФБ
