Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиналыс өткізілді

2016 жылдың 14 желтоқсанында «ҰЗМИ» РМК-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

«ҰЗМИ» РМК директоры С.Бекенов институттың қызметкерлерін құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Директор С.Бекенов, директордың орынбасарлары К. Батаева, А.Естаев, басқарма басшылары С. Шадикова, М. Жалдыбаев, К.Искакова, Р. Аввалова және сарапшылар Н.Туякбаева, А. Толеуханова, М. Малыбаев, Л. Панова, Т. Горбунова Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарғысы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен наградталды.
Директордың орынбасары К. Батаева Қазақстаннның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жөнінде баяндама жасады.
Салтанатты жиналыста институт қызметкерлерінің балалары Тәуелсіздік күніне арналған суреттер байқауы нәтижесі бойынша марапатталды.Марапаттау 9 номинация бойынша болды: «Қазақстан символикасының үздік суреті», «Тәуелсіз Қазақстан ЗD», «Мерекелік фейерверк», «Халықтар достығы», «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» «Ең үздік мерейтой ашық хаты», «Менің туған жерім – Қазақстан», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25-жыл», «Алуан түрлі Қазақстан». Балаларға «ҰЗМИ» РМК директорының атынан грамота және сыйлықтар берілді.
Салтанатты жиналыс тәуелсіздік туралы фильмімен және мерекелік концертпен аяқталды.
http://www.adilet.gov.kz/kk/news/kazakstan-respublikasynyn-tuelsizdik-kuni-karsanynda-saltanatty-zhinalys-otkizildi
0
0
399

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты жиналыс өткізілді - Yvision.kz