Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

1995 жылдың 28 қыркүйегінде Елбасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы туралы Жарлыққа қол қойды. Осы заңға сәйкес, парламент екі палатадан тұратын болды. Ал желтоқсан айының 5, 9 күндері Қазақстан Республикасының бірінші екі палаталы Парламенті сайланды. Жаңа заң бойынша Сенатта 47, Мәжілісте 67 депутат болды. 1995 жылдың 7 желтоқсанында 1990 жылдан бері үшінші, тәуелсіздік алғаннан кейінгі екінші Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлау өтті. Бұл Парламент 1999 жылға дейін жұмыс жасады.
