Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕКІНШІ ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ

30 тамыз күні ел тарихындағы екінші жалпыреспубликалық референдум өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Көп жылдар бойы адамның құқықтары мен бостандықтары түсінігінің сипаттамалық белгілері боямаланып келді. Қоғам мүшелеріне құқық – бұл пролетариат пен партия мүддесі деп санаға құйылды. Шынында құқық адам табиғатына тән бостандық нормалары екендігін тәуелсіздік алғаннан кейін ұғынғанымыз рас.

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы», – деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде жаңа ашық азаматтық қоғам орнатуды мақсат еткен халқымыздың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Ол елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін және кепілдік беретін өте маңызды құжат. Осы Бүкілхалықтық референдумда қабылданған қолданыстағы Ата Заңымыз елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру ісінде өзінің жасампаздығынан Қазақстан халқына қызмет етіп отыр.

Осыдан он алты жыл бұрын елімізде демократиялық бастауларға сүйенген Конституциялық құрылыстың қалыптасу үдерісі басталып, жаңа мемлекеттік институттар құрыла бастады. Конституция мемлекеттік құқық жүйесін реформалаудың базасы болды. Қоғам, мемлекет және тұлғаның өзара байланысының конституциялық-құқықтық ауқымы кеңейді. Мемлекеттік институттарды конституциялық реформалау адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталып, жоғары халықаралық-құқықтық стандарттардың саяси-құқықтық тәжірибесіне ене бастады. Бүгінде бұл Конституция тұрақтылық пен патриотизмнің іргетасын қалап отыр.

1
0
472

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес - Yvision.kz