Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ


1994 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мемлекеттік Кеңес премьері Ли Пэн Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақ-қытай шекарасы туралы Келісімге қол қойды. Екі ел тарихында бірінші рет мемлекеттік шекараны делимитациялау және деморкациялау процесі жүрді. Жалпы біздің ел осы жылдар аралығында көрші мемлекеттермен шекараларды реттеу бойынша бастамашы бола білді. Мәселен, 1996 жылдың 26 сәуіріндегі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің Шанхайдағы тарихи Келісім болып табылатын шешімде мемлекеттік шекара шеңберіндегі әскери мәселе бойынша сенім шаралары қалыптасты. Бұл «бестіктің» Келісімі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуына дейін кеңейді. Сонымен қатар еліміз шекараларды делимитациялау бойынша Қырғызстан (2001), Өзбекстан (2002), Түрікменстан (2003) және Ресей (2006) елдерімен келісімдерге жетті.
