Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ
1994 жылдың 7 наурызында еліміздің парламентаризмін дамытудың бастауы болған, 177 депутаттан құралған жаңа парламенттің сайлауы өтті. Осы жылдың сәуірінен бастап жаңа Парламент өз жұмысын бастады. 1995 жылдың наурызындағы саяси дағдарыс және оның салдары жаңа Парламенттің бір жылға жетпей жұмыс жасауына кедергі келтірді. Заңсыз деп танылған Заң шығарушы орган таратылып, Қазақстан тағы да Парламентсіз қалды.
