Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевқа АШЫҚ ХАТ

Бұл шектен шыққандық қана емес, халыққа қарсы жасаланып жатқан қастандық.

Індетке қарсы күреске дер кезінде қазынадан үлкен қаражат бөлінгеніне қарамастан, ауруханаларда індетті емдеу құралдары, дәрі-дәрмек, індеттен қорғануға арналған арнайы киімдердің жетіспеуінен аурулар да, емдеуші дәрігерлер де қырылып жатыр.

Осындай жағдайда, арнайы мемлекеттік мекемелер тарапынан дәрі-дәрмекті үлкен пайда табу мақсатында қоймаларда тығу уақиғалары әшкереленуде.

Өкінішке орай, халық басындағы қасіретке қарамастан, шара қолданып, қазына тонауды тоқтатып, халыққа жағдай жасауға үкімет асығар емес.

Яғни, «үкімет» тонауын тоқтатпайды, халықтың жағдайы нашарлай береді», деген сөз.

Демек, үкіметтің барлық іс-әрекеттері қоғам бақылауына алынбай, жағдай түзелмейді.

Осыған байланысты қойылатын талаптар:

1.Халыққа қастандық жасаған лауазым иелері әшкереленіп, қылмыстық жауапқа тартылсын.

2.Қоймаларға тығылған дәрі-дәрмектер шұғыл ауруханаларға жеткізіліп, халыққа дұрыс ем қолдану қадағалауға алынсын.

3.Індет жұғуына байланысты үйлерінде оқшауланған және тағы да басқа аурулармен үйлерінде емделіп жатқан науқастар, қажетті ем, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен тегін қамтамассыз етілсін.

4.Жағдайы нашар жанұялар мемлекет қамқорлығына алынсын.

5.Үкіметтің жұмысы қоғам қадағалауына алынсын.

6.Қоғам қадағалауын қамтамассыз ету мақсатында, барлық демократиялық ұйымдардың өкілдерінің, қоғамдық белсенділердің қатысуын қаматамассыз ететін Ұлттық комиссия құрылсын.

7.Ұлттық комиссияға мемлекеттің даму бағытын анықтау және экономиканы жаңа деңгейге көтеретін Ұлттық бағдарлама жобасын дайындау тапсырылсын.

8.Парламент таратылсын. Ұлттық бағдарлама бекітілгенше ешқандай сайлау өткізілмесін.

9.Жоғарыдағы талаптар бойынша шешім 3 күн ішінде қабылдансын.

«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы»

Ұлттық қозғалысының ұйымдастырушысы,

«Азаматтық қоғам орталығы»

Қоғамдық бірлестігінің басшысы Ж.Абильдинов

14.07.2020 ж.

Құрметті Бауырлар! Сын сағат жетті!

Ұлт пен ұрпақ болашағы біздің мойнымызда! Оларды жауыз, жемқор биліктің қолында қалдыратын болсақ, тарих бізді кешірмейді...

Бұл хаттың мемлекет басшысына жетуін қамтамассыз ету үшін барынша көп таратыңыздар және пікір қосыңыздар!

1
1
1403

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевқа АШЫҚ ХАТ - Yvision.kz